Есмұқат Қуанышбаев – 228-ші атқыштар дивизиясы 795-ші атқыштар полкінің 228 пулеметшісі еді. Ұлы Отан соғысы кезінде әрбір шаршы метр жер үшін қанша адамның қан төгілгені бәріне белгілі. Сондай шайқастың бірі – Тиса өзеннің жағалауындағы плацдармды жаулау. Жан берісіп, жан алысқан ұрыс төрт тәулікке созылған. [caption id="attachment_38996" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Сол шайқаста пулеметімен алдыға түскен Есмұқат 20 шақты жауды қырып салды. Арғы бетке бірінші болып өткен оған взвод командирі жаңа тапсырма берді. Есмұқат Қуанышбаев екі шпалмен жаудың артына түскен. Оң жағалауға өтіп, шегініп бара жатқан немістің үстінен оқ жаудырады. Арасында зеңбіректерді лақтырып жүріп, ол жаудың бір қайығын басып алды. Бұл қайық пайдаға жарап, ротаның өзеннен тез өтуіне үлкен көмек болды.Ұрыс барысында Есмұқат Қуанышбаевтың ессіз батырлығы арқасында Кеңес әскері жеңіске жеткен. Ол өзен жағалауына түсе салысымен жаудың сол жақ қанаттан ұрған шабуылына тап болды. Неміс әскерінің бір емес, бес рет шабуылын оңдырмады.
Өзеннен өткен рота 200-ге жуық немістің сарбазын қырып салды. Ал Есмұқат Қуанышбаев бір өзі 30-дан аса сарбазды құлатып, екі пулеметтік жерді жойған. Осынжай қантөгісте олар жаудың 18 шабуылына тойтарыс беріп, 800 метр жердің бір шаршысын жау қолына бермеді. Осы жеңіс үшін рота капитаны марапатталды. Өкініштісі, осы ерлігі еленбей қалғаны ғана...