Шығыста облыстық қоғамдық кеңес дәрі-дәрмек жеткіліксіздігін анықтады
Шығыста облыстық қоғамдық кеңес дәрі-дәрмек жеткіліксіздігін анықтады
122
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шаралардың енгізілуіне қарамастан, облыстық қоғамдық кеңес жанындағы жұмыс топтары өз қызметтерін тоқтатқан жоқ. Мәселен, денсаулық сақтау мәселелері бойынша жұмыс тобының жетекшісі Татьяна Чернышованың айтуынша, соңғы уақытта қауырт желі телефонына тегін дәрі-дәрмекпен қамту бойынша сауалдар жиі түсуде. Айталық, қант диабетімен ауыратын науқастарда препараттарға қатысты сұраныс артқаны анықталған. Сондықтан жұмыс тобы бұл адамдарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі және уәкілетті органдардың сәйкесінше іс-шаралар қабылдауы үшін тиісті хат жолдаған. – Сонымен қатар азаматтардың өтініші бойынша 5 дәріханада парацетомол и интерферонның барлығына тексеру жүргіздік. Тек бесеуінің бірінде ғана қолжетімді бағасы 70 теңгені құрайтын парацетомол бар болып шықты. Ал интерферон әр дәріханада болғанымен, бағасы 300 бен 800 теңге аралығында саудаланған. Бұл аталған дәріні әр түрлі фирмалардың өндіруіне және миллиграмм бойынша құрамының түрлі болуына байланысты екендігі анықталды, – дейді Татьяна Чернышова. Осы арада тұрғындарға денсаулық сақтау мәселесі бойынша жұмыс тобына өздерін толғандырған сауалдарды 8(777)295-85-54 қауырт желі телефоны арқылы қоя алатындығын айтқымыз келеді. ­– Облыс тұрғындарын осы орайда денсаулық сақтауға қатысты өз мәселелерін әлеуметтік желіде қысылмай талқылауға шақырамын. Біздерге хабарласыңыздар. Біз сәйкесінше шешім қабылдап, тексеретін және әрекет ететін боламыз, – деді жұмыс тобының жетекшісі. Қоғамдық кеңес жанындағы онлайн-режимде жұмыс істеп жатқан тағы бір жұмыс тобы – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау бойынша сараптау тобы. – Біздің топтың жұмысын ерекше атап айтқым келеді, себебі азаматтардың бұл санаты ерекше қорғауға мұқтаж. Мен топ жетекшісі ретінде Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы Қамқорлық кеңесінің құрамына ендім. Кеңес материалдық көмектерді бөлумен айналысады. Қазіргі уақыттағы менің міндетім – мүгедектердің, мүмкіндігі шектеулі жандарды бағып отырған аналардың мүддесін қорғау. Сонымен бірге азаматтардан түскен мәселелерді де шешуге атсалысамыз. Мысалы, өткен аптада бізге Семейден ерекше қажеттілікке зәру адамдар әлеуметтік көмекшілер жұмысы мәселесімен хабарласты. Біз бұл мәселені облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесе отырып шештік, – дейді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау бойынша сараптау тобының жетекшісі Ольга Кузовлева.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы.