Мұхамеди Мадьяров әскерге 1942 жылы шақырылған екен. Соғыста ол 47-гвардиялық атқыштар полкіне қарасты атқыштар ротаның взвод командирі болған. [caption id="attachment_39013" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 1945 жылы Хшанов ауылындағы жаудың бекініс шабуылдаған ең бірінші Мұхамеди Мадьяровтың взводы еді. Гвардия сержанты жаяу әскердің алдына түсіп, жау бункеріне жер бауырлап барған. Оларды қоршап алып, үш бірдей блокты және гарнизонды жойып жіберді. Ал біздің жаяу әскер бірінші қорғаныс сызығын иемденген кезде, Мұхамеди Мадьяров қарсыластың қорғанысына қарай жылжуын тоқтатпады. Жаудың қарсылығына тап болған взвод сол жерде тұрақтап, оларға оқ жаудырған. Сол кезде Мұхамеди немістің айқын басымдығына бой бермей, ұрысты тоқтатпады. Қайтпас қайсарлығының арқасында жауды окоптарынан бездіріп, артқа шегіндірткен. Немістің 3 пулеметі, немістің 25 сарбазы жойып жеңіске жеткен.