Ухан ауруханаларында коронавирус жұқтырған науқас қалмады
Ухан ауруханаларында коронавирус жұқтырған науқас қалмады
© Reuters
5,174
оқылды
Коронавирус пандемиясы басталған қытайлық Хубэй провинциясының Ухан қаласында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады, - деп хабарлайды РИА Новости. "Ухан дәрігерлері мен оларға елдің түкпір-түкіпірінен көмектесуге келген медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында, 26 сәуірдегі жағдай бойынша Ухан ауруханаларында коронавирус инфекциясы бар науқас жоқ", - деді мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері комитетінің ресми өкілі Ми Фэн.
Комитет 25 сәуірде жариялаған статистикалық есепке сүйенсек, індет басталғаннан бері Хубэй провинциясында 68128 вирус (Уханьда - 50333) жұқтыру дерегі анықталған, оның ішінде 63 604 адам жазылса, 4512 адам (Уханда 3869) қайтыс болған. Сол кезде Уханда 12 науқас қалғаны хабарланған еді.