Күн сәулесі адам ағзасындағы коронавирусты бір минутта жойып жібереді – Трамп
Күн сәулесі адам ағзасындағы коронавирусты бір минутта жойып жібереді – Трамп
© сурет интернеттен алынды
161
оқылды
Коронавирус күн сәулесіне төзе алмайды. Ақ үйде өткен брифинг барысында АҚШ президенті журналистермен осындай ақпармен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24». Дәлірек айтқанда, күн сәулесі мен жоғары температура қандай да бір заттың бетіндегі вирусты 2 минутта жойып жіберуге қауқарлы екен. Демек, COVID-19-дың таралуы жазда біршама бәсеңдеуі мүмкін. Осы ретте Америка басшысы науқастарды емдеу кезінде ғалымдар мен дәрігерлерге ультракүлгін сәулелерді жиі қолдануға шақырды. -Ультракүлгін сәуленің әсері орасан. Себебі, ол денеге енгеннен кейін адам ағзасындағы вирусты небәрі 1 минутта жойып тастай алады. Сондықтан біз бұл тәсілді жіті зерттеп-тексеруіміз қажет, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.