ШҚО-да орман өрті сөндірілді
ШҚО-да орман өрті сөндірілді
Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерват аумағындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
«Өрт 25 сәуірде 19:00-де сөндірілді. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орындарына оралып жатыр», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге «Семей орманы» МОТР күштері мен құралдары жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер үшінші тәулік бойы орман өртін сөндіріп жатқанын хабарлаған едік.