Екібастұз қаласына денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы және басқа қосымша қызметкерлер жұмыс бабымен жіберілді, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласының ТЖ бойынша штабының отырысына қатысқан аймақ басшысы карантин жағдайында қалалық мекемелердің өзара әрекетінде тиімділіктің жоғын, сонын нәтижесінде карантин режимі мен оқшаулау жұмыстары тиісті түрде қамтамасыз етілмегенін айтты.
«25 сәуірдің 18:30 сағатына Павлодар облысында коронавирус инфекциясының 89 жағдайы тіркелді, оның 65% Екібастұз қаласына тиесілі. COVID-19 расталған науқастардың туыстары мен байланыста болған адамдарын анықтау алгортмінің орындалуы бойынша сұрақтар бар. Бұл жұмыстар кейде берілген мерзімінен кеш жасалған. Бұдан бөлек, маған карантинге жабылған кіреберістердің тұрғындары өз-өзін оқшаулау ережелерін ұстамағаны жөнінде хабарлама келіп түсуде. Бұл дегеніміз қалалық әкімдік, ТЖ бойынша қалалық оперативтік штаб жағдайды тұрақтандыру үшін дер кезінде шара қабылдамағанын білдіреді», - деді Әбілқайыр Сқақов.Қалалық штаб алгортмді ұстану және ведомствоаралық өзара әрекеттесуінде мәселелер болғанын мойындады. Қазіргі уақытта, облыстық эпидемиологтар мен басқа мамандардың араласуынан кейін, жағдай тұрақтандырылды және бақылауға алынды.
«Екібастұз қаласы әкіміне, қалалық штаб басшылығына штабтың тиісті түрде жұмыс атқармағаны үшін және бөлімшелер арасында жұмыс тиісті үйлестірілмегені үшін сөгіс жарияланды. Оған қоса регламентке сәйкес әрекет етпеген емханалардың бас дәрігерлердің және Екібастұздың бас санитарлық дәрігерінің жауапкершіліктерін қарастыру керек. Құқық қорғау органдарына бақылауды күшейту қажет, сонын ішінде, карантиндік объектілерде және қаладағы тәртіп сақталуын қамтамасыз ету міндет», - деп хабарлады Әбілқайыр Сқақов.ТЖ бойынша қалалық штабтың отырысы қортындысы бойынша, облыс әкімі жуық арада Екібастұз қаласында коронавирусті тестілеуге арналған зертхананың ашылуын қарастыруды тапсырды. Қалада бұл үшін керекті ғимарат пен мамандар бар.