Коронавирус: Испания серуендеуге және жүгіруге рұқсат бермек
Коронавирус: Испания серуендеуге және жүгіруге рұқсат бермек
© inform.kz
157
оқылды
Испания Премьер-Министрі Педро Санчес сенбі күні кешкісін өткен баспасөз мәслихаты барысында коронавирус жұқтыру жағдайының көрсеткіші төмендейтін болса, испандықтарға 2 мамырдан бастап серуендеуге, жаттығу жасауға немесе жүгіруге шығуға рұқсат берілетіндігін мәлімдеді. Бұл жайында аталған елдің EL PAÍS басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл Испания Үкіметінің елде 14 наурыздан бері енгізілген қатаң шараларды жеңілдетуге бағытталған екінші қадамы болып отыр. Жексенбі күндері 13 жасқа дейінгі балаларға ересек адамдардың қарауымен бір сағат далада серуендеуге рұқсат берілмек. «Егер біз абайлап әрекет ететін болсақ, онда бұл шарадан кейін бір аптадан соң тағы біреуі қолданысқа енгізіледі», - деді Педро Санчес. Ел Премьер-Министрінің түсіндіруінше, әрбір өңірдегі ахуалға байланысты түрлі жылдамдықпен карантин жеңілдетіле бастайды. Сонымен қатар ол орталықтың үкімет карантин шараларын босаңдату жоспарына жауапты болатындығын ескертті. Испания Министрлер кабинеті сейсенбі күніне тиісінше жоспарды бекітуі қажет. Атап өтерлігі, соңғы 2 күн бойы Испаниядағы коронавирус індетінен күн сайынғы өлім-жітім 400-ден төмен болып отыр. Дегенмен, індет Испанияға ауыр соққы болды. Ресми дерекке сәйкес, 22 902 адам індеттен көз жұмды. Ал індет жұқтырған пациенттердің саны 223 759 адамға жеткен. Бірақ, қарттар үйіндегі коронавирус салдарынан өлгендердің ресми тіркелмегендігін ескерер болсақ, бұл сан әлдеқайда жоғары екендігі түсінікті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Covid-19 жұқтырудың 20 пайыз жағдайы денсаулық сақтау қызметкерлерінен анықталған. Бұл көрсетіш өзге елдердегі деректерге қарағанда біршама жоғары. Осыған қарай сарапшылар мұндай жайттың болуына жоспарлаудың нашарлығы мен тестілеуге арналған жиынтықтар мен қорғаныс құралдарының жестіпеушілігі себеп деп отыр.