Жаудан жанын аямаған азамат
Жаудан жанын аямаған азамат
©Сурет интернеттен алынды
258
оқылды
1925 жылы дүниеге келген Мазан Машрапов Ұлы Отан соғысында асқан батырлығымен ел есінде қалған. Ол соғыс жылдарында Ақмола облысының қазағы танктік қару-жарақты реттеушісі болған.
[caption id="attachment_38039" align="alignleft" width="464"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Жаудың артиллерия мен минометтік тынымсыз шабуылы, әуеден толассыз соққан соққысына Мазан Машрапов беріспеді. Висла өзенінен өтіп, ұрыс жүріп жатқан батыс жағалауға бет алды. Қарсыластың үстіне түсіп, оларды састырды. Сөйтіп, біздің жаяу әскер қарсыластың шабуылдауына, алға жылжуына жол бермей тастады.
Сол кездерде Мазан Машрапов немістің негізгі қарулы деген орындарын, пунктерін мергендікпен жайратып салды.  Атыс пунктері жойылған сайын, біздің әскер де күшейіп, алға баса түсті. Мазан Машрапов сондай пунктің 8-інің көзін құртты. Нәтижесінде, Висла өзенінің батыс жағалауындағы плацдармды жаудан толықтай тартып алды.