Президент твиттер арқылы әйелін туған күнімен құттықтады
Президент твиттер арқылы әйелін туған күнімен құттықтады
117
оқылды
Жексенбі күні АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп 50-ге толды. Туған күн иесін жұртшылықпен бірге ел президенті Трамп та құттықтады. Бұл туралы nypost.com порталы хабарлады. Дональд Трамп өзінің твиттердегі парақшасында, «Біздің әйгілі бірінші ханым, Мелания, туған күніңмен!» (Happy Birthday to Melania, our great First Lady! – ред.) деген жазба қалдырды. Айта кетейік, коронавирус қаупінің жоғары болуына байланысты Мелания барша америкалықтар секілді үйде тойлайтын болады. АҚШ-тың бірінші ханымы 1970 жылдың 26 сәуірінде Словенияда дүниеге келген. 1996 жылы ол АҚШ-қа қоныс аударды. Президент Дональд Трамппен 2005 жылы отау құрды.