Бүгін ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда ғана күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді. Қызылорда, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман басады.