Қосанов Қостанайға барды
Қосанов Қостанайға барды
5,183
оқылды

«Ұлт тағдыры» қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов Қостанай облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Басқосуда кандидаттың сайлауалды платформасы таныстырылып, талқыланды. Кандидат коғамдағы өзекті мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді.

Штаб мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өңірлік жұмыс жөнінде баяндап берді.

Үміткер Әміржан Қосанов Қостанай об­лысының Затобол кентіндегі «Заречное ауыл­шаруашылық тәжірибе стансасы» ЖШС-ның еңбек ұжымымен де кездесті. Мекеме бидай, рапс, сұлы, арпа және басқа да дәнді дақыл­дар­дың құнды тұқымдарын өсірумен ай­на­лысады. Ұжымға кандидат өзі­нің сайлауалды тұғырнамасын таныс­тырды. Сайлаушылар тарапынан сайлаудағы бақы­лау­шылар туралы сауал қойылып, түрлі қо­ғам­­дық мәселелер бойынша пікірлер ай­тылды.

Кандидаттың Қарағанды облыстық штабының үгіт-насихат тобы қаладағы Кеншілер мәдениет сарайы алдында флеш­моб өткізді. 20-ға жуық белсенді парақ­шаларды, үгіт материалдарын таратып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Одан бөлек, облыстық штабта халықты қабылдау күні өтті. Тұрғындар кандидаттың сай­лауалды платформасының бағыттарына қызығушылық танытты. Олар сондай-ақ осы құ­жатты толықтыру туралы өздерінің ұсыныстарын білдірді.


Айдана БЕГІМ