Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар жасалады – Президент

Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар жасалады – Президент

Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін төтенше жағдай мерзімін ұзарту жөніндені мәлімдемесінде хабарлады. «Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады. Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр. Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз. Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет», – деді Президент.

Тұмар МЫРЗА