Теміржолшылар Азия-Тынық мұхит аймағы Ассамблеясының отырысына қатысты
Теміржолшылар Азия-Тынық мұхит аймағы Ассамблеясының отырысына қатысты
370
оқылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры – инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директор Б.Орынбасаров бастаған делегация Манила қаласында (Филлипин) өткен Темір жолшылар халықаралық одағы Азия-Тынық мұхиты аймағы Ассамблеясының 27-ші отырысына қатысты.

Отырысқа қатысушылар Азия-Тынық мұхиты аймағындағы көлік және логистика салаларының ағымдағы жобаларын жүзеге асыру қорытындыларын талқылап, 2020 жылдағы іс-шаралар мен жобаларды бекітіп, 2021 жылға арналған бастамаларды пысықтады.

Б.Орынбасаров өз сөзінде Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының қарқынды дамуын атап көрсетті.

PHOTO-2019-05-23-14-23-59.jpg
Б.Орынбасаров

Соңғы 10 жылда еліміздің көлік-логистикалық активтеріне және инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестицияның жалпы көлемі 30 млрд АҚШ долларын құрады.  Осы кезен ішінде 2,5 мың шақырым темір жолы салынып, 19,5 мың шақырым автомобиль жолдары жөңделіп, Каспидің порттық қуаты 26 млн тоннаға дейін ұлғайтылса, сонымен қатар 15 әуежай қайта жөндеуден өткізілген.

– Визалық режимді алып тастау мен шекарадан өту рәсімдерінің жеңілдетілуі, интернет-сауданы дамыту қарқының есепке алғанда, бизнесті жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Қазақстанның транзиттік әлеуеті тек қана өсе түседі, – деді Б. Орынбасаров.

Кездесу барысында 2019-2020 жылдардағы ТЖХО АТА Басқару жөніндегі комитеті мен Атқарушы кеңесінің аймақтық өкілдерін, ТЖХО АТАА төрағасының орынбасарын тағайындау мәселелері қаралды.

Отырыс шешімімен ТЖХО АТАА төрағасының орынбасары болып «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы С.Мыңбаев, ал Атқарушы кеңес және Басқару жөніндегі комитет мүшесі болып KORAIL президенті және бас директоры Сон Бён Сок сайланды.

ТЖХО АТАА іс-шарасы шеңберінде Қазақстан делегациясы Орталық-Азия өңірлік экономикалық ыңтымақтастығына (ОАӨЭЫ) мүше елдердің теміржол инновациялық форумы мен техникалық кеңесіне, ТЖХО жобалары бойынша семинарларға қатысты.

Семинарларда қазақстандық теміржолшылар үш жобалық бастаманы: «Цифрлық технология көмегімен қызмет көрсетуді болжау», «Электрондық құрылғылар үшін пилот» және «Теміржол компаниялары үшін жолдар туралы ақпараттарды жинақтау жөніндегі кешенді қадам» таныстырды.