Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты. Карантин жағдайларында өңірлерде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шараларына қатысты премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады.
1. Барлық өңірлерде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;
- банктер мен қаржы секторының ұйымдары.
- қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;
- электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.
- көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары;
- қаржы және сақтандыру секторлары;
- сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).