Смартфон, компьютері жоқ ауыл тұрғындары 42500 теңгені қалай алу керектігін білмейді
Смартфон, компьютері жоқ ауыл тұрғындары 42500 теңгені қалай алу керектігін білмейді
155
оқылды
Смартфон, компьютері жоқ ауыл тұрғындары мемлекеттен 42500 теңгені қалай алу жолын да білмейді, деп жазады caravan.kz – Біздің отбасымызда табыс жоқ. Үш балам бар, оларға жәрдемақы берілмейді, – дейді Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылының тұрғыны Айжан. – Күйеуім 42 500 теңгеге өтінім берді. Ол әлі түскен жоқ. Оның жұмыс істемегеніне бір ай болды. Жұмыс істеген кезінде сатып алған ұн, дәнді дақылдарды әлі жеп отырмыз.  Күнде оған ақша түссе екен деп тілеймін. Біздің неке жүзігіміз  ломбардта жатыр. Басқа түгіміз жоқ… Тұрғындардың айтуынша, карантин енгізілгеннен кейін Алматыда адамдар не істерлерін білмейді. Ауылда тіпті жұмыс жоқ. Бір-біріне шатыр жөндеу, жер қазу секілді ұсақ-түйекті істеп беру үшін жалданады. Оның ақысы да өте аз, өйткені ауылда табыс төмен. Ал табыс тапқысы келетіндер көп. – Ауыл тұрғындары қарапайым ұялы телефон ұстайды, оларда смартфон, компьютер жоқ. ТЖ енгізілгеннен кейін лауазымды тұлғалардың ешқайсысы оларға мемлекеттен көмекті қалай алуға болатынына айтып, кеңес бермеді. Ауыл адамдары сауатты емес. Оларда Интернет жоқ, кейбіреуінде қарызы болғандықтан байланысты өшіріп тастаған.  Әлеуметтік көмек алу туралы жаңалықты қайдан оқиды енді? – деп сұрады жергілікті тұрғын Екатерина. Карантинннің бірінші айына ауыл шамасынша шыдады, ары қарай күніміз не болмақ дейді тұрғындар. Бізде құс фабрикасының жұмысы тоқтап тұр. Ол жұмыс істесе, жұмыс орны, ақша және азық-түлік те болады дейді ауыл тұрғындары.