Кен орнындағы кездесу
Кен орнындағы кездесу
227
оқылды

Кәсіподақтар атынан президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері еліміздің бірқатар өңірінде үгіт-насихат жүргізді. Мәселен, қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағындағы сенімді өкіл «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» сервистік бұрғылау кәсіпорны» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Басқосуда кандидаттың сайлауалды тұғырнамасымен кәсіподақ мүшелерін таныстырып, еңбекшілердің құқықтары мен мүдделері, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, өндірістегі жарақат алу­ға жол бермеу, лайықты жалақыға қол жеткізу туралы келелі ұсыныстары ортаға салынды.

Ал А.Таспиховтың Түркістан об­лысы және Шымкент қаласы бойынша аймақтық қоғамдық штаб өкілдері өнер адамдарымен кездесті. Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Түркістан облыстық кәсіподағының төрағасы, үміткердің сенімді өкілі Бастарбек Пірімбетов баяндама жасап, А.Таспиховтың ел игілігі үшін атқарған жұмыстарына шолу жасады.

Жамбыл облысындағы сенімді өкіл А.Наурызбаев Тараз қаласындағы «Әу­лиеата Транс Пасс» ЖШС еңбек ұжы­мында үгіт-насихат кездесуін өткізді. Қо­ғамдық көлік қызметін көрсететін об­лыс орталығындағы ірі кәсіпорын ұжы­­­мына сенімді өкіл өз кандидат­та­ры­ның сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді.

«Қазфосфат» ЖШС-не қарасты Қаратау-Шолақтау тау-кен кешенінің «Көксу» кенішінде А.Таспиховтың сенімді өкілі М.Төлепберген жұмыс­шылармен тікелей өндіріс орнында кездесу өткізді. Дәстүрлі түрде мәжіліс залына шақыртпай, кен орнына арнайы іздеп барып, жаңа форматта өткен кездесуге кеншілер қуанып-ақ қалды. Осы сапарға арнайы шыққан аймақтық штабтың белсенділері жұмысшыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.

 

Айдана БЕГІМ