Батыс Қазақстанда жаңадан тіркелген науқастар да Ресейде жұмыс істеген
Батыс Қазақстанда жаңадан тіркелген науқастар да Ресейде жұмыс істеген
© Сурет ғаламтордан
125
оқылды
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат (27.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша) Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтар Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 20, 21 және 24 жастағы Түркістан облысының тұрғындары. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы Сырым автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 3 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған. 27.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 125 адам тіркелген.