Павлодар облысында вирус жұқтырғандардың арасында 2011 жылғы ұл бала да бар
Павлодар облысында вирус жұқтырғандардың арасында 2011 жылғы ұл бала да бар
© Сурет ғаламтордан
Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат (27.04.2020 ж. сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша) Вирусты жұқтырған адамдардың төртеуі Павлодар облысының тұрғындары. Олар — 1984, 1979, 1963 жылдары туған әйел адамдар және 2011 жылғы ұл бала. Тұрғылықты жері бойынша байланыста болуы мүмкін болғаны үшін үй карантині режимін сақтап отырған. COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталғаннан кейін олар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы Мичурино ауылының маңындағы бақылау-өткізу бекетінен өтпекші болған Шымкент қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адамда анықталған. Оның қолында COVID-19 ауруын жұқтырмағанын растайтын анықтама болмағандықтан, ол карантиндік стационарға жеткізілген. Осылайша, тексеру нәтижелері бойынша оның коронавирусты жұқтырғаны анықталған. Ұлттық сараптау орталығының облыстық бөлімшесінің мамандары пәтерлерде, үйлердің кіреберістерінде, карантиндік госпитальде, жұмыс орындарында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған. 27.04.2020 ж. сағат 23:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 110 адам тіркелген.