Жұлдыздардан кім жомарт?
Жұлдыздардан кім жомарт?
185
оқылды
Бұл індет кеңінен аяқ басып, аз уақыттың ішінде жер бетін жайлап алды. Қаза болғандардың саны да күн сайын артуда. Осындай қысылтаяң кезеңде еліне, жеріне, халқына көмек қолын созғандар да аз емес. Арасында елге белгілі, танымал жандар да бар. [caption id="attachment_39352" align="alignnone" width="1024"]Рианна © Сурет интернеттен алынды[/caption] Мәселен, әнші Рианна өзінің қайырымдылық қорына 6 миллион доллар аударған. 5 миллион – 21 наурызда аударылса, қалған миллионы 31 наурызда түскен. Бұл қаржыны осы індетпен бетпе-бет күресіп жатқан дәрігерлердің қорғаныс киіміне, бетпердесіне бөлінді. Сонымен қатар, ауруханадағы жансақтау бөлімінің тазалығы мен коронавирусқа қарсы вакцина жасауға жұмсалмақшы. [embed]https://www.instagram.com/p/BnAtjobjC3I/?utm_source=ig_embed[/embed] Оның үстіне, жақында әншінің 66 жастағы әкесі  Рональд Фенти осы вирусты жұқтырып алғаны анықталды. Рианна оның өмірін сақтап қалу үшін еміне қажет бүкіл құрал-жабдығын сатып әперіп, Барбадосқа жіберген. Әкесімен қарым-қатынасы жақсы болмаса да, қызы өзінің жанашырлығын көрсетуде. [caption id="attachment_39356" align="alignnone" width="1024"]баскетболист ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Әлемге белгілі баскетболшы ЛеБрон Джеймс мәрттігімен елді таңдандырды. Ол туған жері Экронға, Огайо штатындағы 1300 отбасына түскілік асты өз есебінен әперді.  Тағамды тапсырыспен мексикалық мейрамханадан алған. Оның бұл қадамы – ұсақ кәсіпкерлікті қолдауы. [caption id="attachment_39357" align="alignnone" width="1024"]Бейонсе ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Ал әнші Бейонсе Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорсимен бірігіп, 10 миллион долларды қайырымдылыққа берді. Бүкіл соманы эпидемиядан зардап шеккен отбасылар мен дәрігерлердің қажеттіне жұмсалды. [caption id="attachment_39358" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Қазір коронавирустың кесірінен миллиондаған бала сабаққа барудан қалды. Олардың көбі мектептен тамақтанатын. Енді ол да жоқ. Бүгінде АҚШ-тың өзінде сондай балалар 22 миллионға жуықтады» деген  актриса Анджелина Джоли балалардың тағамына миллион доллар қайырымдылық жасады. [caption id="attachment_39360" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Тіпті футбол әлемінің жұлдыздары – Месси мен Криштиану қайырымдылықтан шет қалмаған. Мәселен, Барселонаның көшбасшысы 1 млн евроны сондағы аурухана мен туған жері Аргентинадағы медициналық орталыққа тең бөлген. Қалған қаржы дәрігерлердің қорғаныс заттары мен қажетті құрылғылар алуға жұмсалды. Ал португал жігіттің агенті, футболшының Порт пен Лиссабонның екі емханадағы интенсивті бөлімнің толыққанды жұмысын қамтуды мойнына алғанын жеткізді. [caption id="attachment_39362" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Актер Арнольд Шварцнеггер дәрігерлерді қолдау мақсатында олардың қажетіне 1 миллион доллар өз қалтасынан берді. Сонымен қатар, өзінің фанаттарын қайырымдылық ісін қолдауға шақырған. Табынушылар Арнольдтің сөзін жерге тастамады. «Көп түкірсе, көл» дегендей, қорға – 6,7 миллион жиналды. Ол қаржыны актер әлемдегі дәрігер атаулының бәріне алғашқы көмекке қажетті заттарын әперетінін айтты. [caption id="attachment_39363" align="alignnone" width="1024"]журналист © Сурет интернеттен алынды[/caption] Ресейлік тілші Юрий Дудь Мәскеудегі Павловтік аурухана дәрігерлерін қолдау мақсатында «Живой» қорына аздаған қаржы бөлген. Соның арқасында дәрігерге қажетті бетперде, көзілдірік, корғаныс киімдері, антисептик пен респиратор алынды. Тіпті, ресейлік актер Дмитрий Нагиев те коронавируспен күреске 10 миллион рубль бөліп, сырқаттанушылардың еміне қажетті тыныс алу құралдарын алуға  жұмсады. [caption id="attachment_39364" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жұлдыздардың жомарттығын көріп, олардың ұлтқа, нәсілге, мемлекетке бөлінбейтінін көрсетті. Қараған басын ойласа, олардың да шалқып жүре беруіне болады. Бірақ олар қолындағы барымен бөлісіп, халықпен бірге екенін көрсетті. Соның ішінде біздің жұлдыздар, қайда?! Әншің, асабаң... [embed]https://www.instagram.com/p/B_exVO5j8JG/?igshid=2vspmq3del7r[/embed] Көпке топырақ шашуға болмайды. Дегенмен басым көпшілігі үкіметтің бөлген ақшасы мен партияның алған азығын таратумен ғана жүрген секілді. Өз қаражатына көмектескен қай әншіні, қай асабаны көрдіңіз? Сол бір шәйпұлын қазақтың той-томалағынан тапты емес пе?! «Ер барда елім қор болмас» дегендей, сол қазағымның ерлері қайда?