Биыл халықаралық Tour of Almaty велокөпкүндігі өтпейтін болды
Биыл халықаралық Tour of Almaty велокөпкүндігі өтпейтін болды
© Сурет ғаламтордан
Биыл халықаралық Tour of Almaty велокөпкүндігі өтпейтін болды. Бұл жөнінде Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров Olympic.kz сайтына мәлім етті. Оның айтуынша, қазір елімізде коронавирус инфекциясына байланысты визалық режим тоқтап тұр. Осылайша шетелдік спортшылар Қазақстанға келе алмай қалды. Нәтижесінде биылғы жарыс кәсіпқойлар арасында емес әуесқойлар арасында өтетін болды. Естеріңізге сала кетелік, Tour of Almaty велокөпкүндігі 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алғашқы жарыста қазақстандық Максим Иглинский мәре сызығын бірінші болып қиды. Одан кейінгі 2014-2017 жылдарда қазақстандық тағы бір велошабандоз Алексей Луценко қатарынан төрт мәрте алтын алды. Ал 2018 жылы итальян спортшысы Давиде Виллелла жеңімпаз атанса, 2019 жылы қазақстандық Юрий Нагаровтың мерейі үстем болды. Бұл жарыс биылғы жылдың тамыз айына жоспарланған болатын.