820 дәрігер COVID-19 жұқтырды
820 дәрігер COVID-19 жұқтырды
84
оқылды
Еліміздегі дәрігерлердің 30 пайызы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақ­тау министрлігінің Facebook желісінде өткен бас­пасөз мәслихатында Та­уарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын ба­қылау комитетінің төра­ғасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. «Медицина қызметкер­лер­і­нің 30 пайызы немесе 820 адам COVID-19 инфекциясын жұқ­тыр­ған. Әсіресе, орташа және кіші ме­дицина қызметкерлері көбірек ауырған», – дейді ол. Комитет төрағасының ай­туынша, инфекциялық стацио­нарға қарағанда әдеттегі емхана мен аурухана қызметкерлері жиі ауырған. Себебі жұқпалы аурулар ауруханасында мамандар жеке қорғаныс құралдарымен жүреді. Сондай-ақ инфрақұрылымның өзі «таза» және «лас» аумақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Ал ем­ханалар мен көпбейінді ауруха­на­ларда мұндай бөлу қиынға соғады. «Оның үстіне келушілер саны да көп. Олардан вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Тәулік бойы ғимараттағы медициналық мамандар ықтимал науқастармен бір ауаны жұтуға мәжбүр», – дейді Т.Сұлтанғазиев. Оның пікірінше, еліміздегі коронавирус инфекциясының таралу өсімі тұрақтала бастаған. Республика бойынша өсім орта есеппен алғанда 4,5-8 пайыз. Бірақ кей өңірлерде өсім 50 па­йызға дейін барып отыр.  

Айдана БЕГІМ