55 секунд үшін – 3,5 жыл
55 секунд үшін – 3,5 жыл
5,118
оқылды
Алматы облысының Қарасай аудандық сотында Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобустың соқтығысуына байланысты қозғалған іске нүкте қойылды. Сот айыпталушыға үкім шығарды. «Станса кезекшісі Досбатыр Ахмеджанов 3 жыл 6 ай мерзім­ге шартты түрде бас бостан­ды­ғынан айырылды», – деп ха­барлады аудандық соттың бас­пасөз қызметі. Былтыр 15 қыркүйекте Ал­маты облысының Шамалған стансасында жүйткіп келе жат­қан пойыз автобусты соққан еді. Автобуста 20 адам отырған, оның 16-сы салоннан түсіп үлгерген. Автобус жүргізушісі оқиға ор­нында қаза тапқан. Бір жолаушы мен екі бала көлік­тен шыға алмай қалған. Апат­тан соң көпке дейін олар ауыл халде болған. Автобус жолаушыларының сөзінше, жүргізуші есікті ашып, адамдарды сыртқа шығара бастаған, бірақ өзі үлгермепті. Станса кезекшісі Досбатыр Ахмеджановқа «арнаулы тетікті 55 секунд кешігіп басып, шлаг­баумды дер кезінде жаппаған» деген айып тағылды.  

Айдар ДӘУІТҰЛЫ