Алматы облысының Қарасай аудандық сотында Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобустың соқтығысуына байланысты қозғалған іске нүкте қойылды. Сот айыпталушыға үкім шығарды. «Станса кезекшісі Досбатыр Ахмеджанов 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі. Былтыр 15 қыркүйекте Алматы облысының Шамалған стансасында жүйткіп келе жатқан пойыз автобусты соққан еді. Автобуста 20 адам отырған, оның 16-сы салоннан түсіп үлгерген. Автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Бір жолаушы мен екі бала көліктен шыға алмай қалған. Апаттан соң көпке дейін олар ауыл халде болған. Автобус жолаушыларының сөзінше, жүргізуші есікті ашып, адамдарды сыртқа шығара бастаған, бірақ өзі үлгермепті. Станса кезекшісі Досбатыр Ахмеджановқа «арнаулы тетікті 55 секунд кешігіп басып, шлагбаумды дер кезінде жаппаған» деген айып тағылды.
Айдар ДӘУІТҰЛЫ