Cыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен
Cыбайлас жемқорлыққа  қарсы омбудсмен
234
оқылды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстағы колледждер мен ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен» жобасын жүзеге асыруда.

Колледждерде және жоғары оқу орындарында проблемалық, сондай-ақ ұсыныстар мен жобалар сияқты әртүрлі мәселелер бойынша өтініш білдіруге болатын омбудсмендер бекітілген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы омбудсмен» жобасының қыз­меті парақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуге, жемқорлық тәуекелдерін талдау­ға, оқу орындарында мониторинг өткізуге, сондай-ақ сту­дент­тер мен оқытушылардан түйт­кілді мә­­селелері бойынша өті­німдер қа­былдауға бағыттал­ған.

Қарағанды политехникалық уни­верситетінің Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы омбудсмені Ердос Абдрахманов ЖОО сту­дент­терімен және оқытушы-профессорлық құраммен кездесу өт­кізді.

Кездесудің басты мақсаты – сессия қарсаңында оқу орнында студенттердің, сондай-ақ оқытушылардың да тарапынан кез келген сыбайлас жемқорлық құ­былыстарына жол бермеу.

– «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы омбудсмен» жобасы студенттердің бойына сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа тұрақ­ты иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Сол себепті, студенттерді сессия кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі туын­­даған кезде, дипломдық жұ­­мысты сатып алуға ұсыныс түс­­кен, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық ахуалдары мен сыбайлас жемқорлыққа күдік пайда болған жағдайда бізге хабарласуға шақырамыз», – деп атап өтті омбудсмен Абд­рах­манов Ердос.


Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,

Қарағанды облысы