«Кешенді жоспарды келісіп жасаса...» – экономист Сапарбай Жобаев
«Кешенді жоспарды келісіп жасаса...» – экономист Сапарбай Жобаев
233
оқылды
– Мемлекет басшысының коронавирус ин­фекциясының таралуын азайту мақса­тын­да жарияланған төтенше жағдай мер­зі­мін 11 мамырға дейін ұзарту туралы ше­ші­мін қолдаймын. Себебі біз үшін бірінші ке­зекте халықтың денсаулығы маңызды. Ал үйде отырған халық қиналып қалмауы үшін үкі­мет тарапынан жақсы көмек беріліп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде Үкі­мет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономиканы қалпына кел­­­­­­­тіру жөніндегі Кешенді жоспар дайындайтынын тілге тиек етті. Рас, қазіргі таңда құрылыс, көлік, мейрамхана, туризм сияқты қыз­­мет көрсету салалары тоқырап қалды. Бұл салаларды 1-2 айда қал­­пына келтіру мүмкін емес, әрине. Кей салалар жылдың соңында ға­н ­а етек-жеңін жинаса, енді бірін аяққа тұрғызу келер жылға дейін со­­зылуы мүмкін. Кешенді жоспарда осы салаларға қалай көмек бе­рі­летіні нақты көрсетілуі керек Жеңілдетілген несие беріле ме, әл­де бюджеттен қаржылай көмек беріле ме, мүмкін басқа салалар та­­рапынан көмектесу арқылы қолдау жасар. Мысалы, қазіргі уа­қыт­та жұмысы тоқтап тұрған әуе көлігі саласына импорт және экс­порт жүк­терді тасымалдауды жүктерміз. Ал мейрамханалар мен дәмханаларға салық жағынан қолдау жа­­салса... Құрылыс саласына Ұлттық банктен қаржы бөліп, жаңа жо­­­­баларды жүзеге асыру арқылы көмектесу тәжірибесі бізде бар. Ме­­ніңше, кешенді жоспарды дайындау барысында әр саланың өз ма­­мандарымен ақылдасып отырса, оң нәтижеге жылдам жетеміз деп ойлаймын.