Қабылданған шаралар оқшаулану режимінен байыппен шығуға мүмкіндік береді
Қабылданған шаралар оқшаулану режимінен байыппен шығуға  мүмкіндік береді
155
оқылды
– Карантин коронавируспен күрестің тиімді тәсілі екенін толықтай дәлелдеді. Бүгінде коронавирус індеті әлемнің 185 елі­не тараған болса, BBC-дің ақпараты бойынша сәуір айының ба­сына қарай әлемнің жүзден астам мемлекеті толықтай не жар­тылай карантин режиміне көшкен. Қазақстан да осы қа­тар­да, уақытылы іс-шаралар қабылдап, 16 наурызда елімізде тө­тенше жағдай режимі жарияланды, қатаң карантиндік шек­теулер белгіленді. 27 сәуір күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тө­тенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қа­был­да­ғанын жеткізді. Бұл – індеттің шарықтау шегінен өтпеген елі­мізге, ең біріншіден азаматтардың денсаулығы қымбат, мәжбүрлі шара. Десек те, Қазақстанда оқшаулану режимінен байыппен әрі кезең-кезеңімен шығу процесі басталып кетті. 20 сәуірден бас­тап елорда мен Алматыда өнеркәсіп кәсіпорындары, құры­лыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер мен ха­лыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастаған бо­ла­тын. Осы аталған үлгі ахуалды бақылауда ұстап отырған өңір­лерге де енгізілмек. Сонымен қатар Президент бүгінгі мәлім­де­ме­сін­де 1 мамырдан  елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашы­ла­тынын, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесі де қа­ралатынын айтты. Әлем елдеріне назар аударсақ, қалыпты өмірге дайындық процесі коронавирустан қатты зардап шеккен Италия, Испания мемлекеттерінде де қолға алына бастағанын көреміз. Бұл мәселеде бастысы, Президент ескерткендей, ахуал­ды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретіндей жүйелілік, кезеңдік, түсіністік маңызды. Осылайша, еліміз қазірден посткризистік кезеңдегі ау­қым­ды өзгерістерге дайындалуда. Қазақстан экономика, мем­­­лекеттік басқару, денсаулық сақтау бағыттарында кешенді ша­­­раларды қолға алмақ. Төтенше жағдай режимі аяқталғанша экономикалық дамуды қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзір­ленбек. Мемлекеттік саясатта денсаулық сақтау саласы ал­дыңғы орынға шықпақ. Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс осы саланы жетілдіруге негізделген тың бағыттар мен бастамаларды айқындайды. Жалпы алғанда, коронавирус індетімен күресуге бағытталған жүйе­лі мемлекеттік саясат аз уақыттың ішінде өз нәтижесін көр­сетіп, еліміз посткризистік кезеңге дайындалуды бүгіннен қол­ға алып жатыр.