Батырсыз өткен 5 жыл
Батырсыз өткен 5 жыл
Фото: Интернеттен алынды
5,174
оқылды
Әнші, сазгер, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Батырхан Шүкеновтің өмірден өткеніне 5 жыл толды.  Ол 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген.
«Отан ана», «Батыр Live», «Осторожно, милая девушка!», «Всё пройдёт...», «Душа» жеке ән жинақтары және «А-Студиямен» бірлесіп, «Путь без остановок», «Джулия», «A`СТУДИО», «Jeff Records», «Солдат любви»,«A`STUDIO LIVE», «Нелюбимая», «The Best», «Грешная страсть»  альбомдарын шығарған.
Батырхан отбасында ортаншы ұл еді. Өзінен басқа үш бауыры болды. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935-2011), 1970-1998 жылдары Қызылорда облысы қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.   https://www.youtube.com/watch?v=ryWH0wLDr8w 1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы №233 орта мектепті тәмамдады. Мектепті бітірген соң Ленинградтағы Н. К.Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. 1981 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысады. Студент кезінен ерекше талантымен танылған Батырхан Шүкенов «Арай», «А-Студио» тобында ән салған. Қазақ өнерін дамытуда өлшеусіз үлес қосқан әнші 2015 жылы Мәскеуде ресми мәлімет бойынша инфаркттан қайтыс болды.