Сын сағаттарда...
Сын сағаттарда...
©Сурет интернеттен алынды
273
оқылды
 Гвардияның кіші лейтенанты Ғайн Мұқсымов әскерге 1939 жылы шақырылған. Ол - 1945 жылы 22 қаңтарда Торон қаласы үшін шайқаста қайсарлық танытқан сарбаздың бірі.  [caption id="attachment_39479" align="alignleft" width="508"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жау толассыз шабуылдағанда Ғайнидің взводы қорғаныс шебінде тұрған. Ұрыс алаңында взвод тең жартысынан айырылған. Соған қарамастан қорғаныс шебінен бір қадам шегінбеді. Тіпті, кіші лейтенант Мұқсымов жаудың мүлт еткенін пайдаланып, пулеметімен шабуылдаған. Соңында немістер ойсырай жеңілді. Сөйтіп, қалған әскерімен Торн қаласын басып алуға шабуылға шыққан. Осы шайқаста Ғайн Мұқсымов бір өзі 26 немістің көзін жойса, оның взводы 105-ке жуық жойған.