UFC турнирі өтеді

UFC турнирі өтеді

9 мамырда Флорида штатының Джексонвилл қаласында UFC-249 турнирі өтеді.  Ұйым турнирдің жанкүйерсіз өтетінін ресми түрде мәлімдеді. ММА кешінің басты жекпе-жегі – Тони Фергюсон мен Джастин Гетжи кездесуі.  Бастапқыда аталған турнирді Бразилияда өткізу жоспарланған. Бірақ әлемдегі ахуалға қарап, ұйым басшылары Флорида штатын таңдады. Естеріңізде болса, жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық титул үшін Тони Фергюсон мен Хабиб Нурмагомедов кездесуі керек еді. Жекпе-жек 18 сәуірге жоспарланған-ды. Алайда Ресей файтерін 9 мамырда өтетін кездесуде Джастин Гетжи алмастырды. Жанкүйерлер Фергюсон мен Нурмагомедов жекпе-жегін асыға күтіп жүр. UFC басшысы Дэйн Уайттың сөзінше, Хабиб октагонға осы жылдың қыркүйегінде не­месе қазан айында шығады. Нурмагомедов 9 мамырда өтетін кез­десуде жеңіске жеткен файтер­мен күш сынасады. Сондай-ақ 9 мамырда жеңіл салмақтағы Генри Сехудо Доминик Крузбен кездеседі. Одан бөлек, негізгі кардта 4 жекпе-жек, 6 ан­дер­кард кездесу  бар.  

Айбике ЖАНАСЫЛ