Ел есінде сол бір сұрапыл жылдар...
Ел есінде сол бір сұрапыл жылдар...
©Сурет интернеттен алынды
171
оқылды
Ұлы Отан соғысы жылдарында 1-ші Украина жері де қантөгіс майданына айналды. 1944 жылдың 22 шілдесінде Сан өзенін кесіп өту әскеріміз үшін қиынға түсті. [caption id="attachment_38050" align="alignleft" width="429"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Сонда да әскеріміз жауға оңайлықпен берілмеді. Олардың күшті қарсылығына қарамастан бригадамыз өзенді кесіп өткен. Соның ішінде кіші лейтенант Шахуәлі Мұсабаев алғашқылардың бірі болды. Артынан ерген 3-рота да Шахуәлінің әрекетін қайталады. Бірақ өзеннен 15 адам ғана кесіп өте алған. Себебі, қарсыластың күшті соққысынан сарбаздардың қалғаны өте алмай қалады. Сол кезде кіші лейтенант жанындағы сарбаздармен қарсыластың траншеясын жарып кіреді. Ол жаудың 70-ке жуығын құлатып, 20-сын тұтқындайды. Сонымен қатар, әскеріміздің қоржынына 4 станоктік және 5 қол пулеметін түсіреді. Сол кезде артта қалған әскер кіші лейтенат Мұсабаевқа қосылады. Олар жау ауылының шетінде тау етегін ала отырып, Висла өзеннін басып өтіп, қару-жарақтарды батыс жағалауға өткізеді. Әскерге 1942 жылдың наурыз айында шақырылған ол, соғыстың соңына дейін шайқасып өткен.