Катонқарағайда сирек кездесетін аң – құну фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағайда сирек кездесетін аң – құну фототұзаққа түсіп қалды
©aikyn.kz
342
оқылды
Шығыстағы Катонқарағай ауданына қарасты Сарымсақты жотасының өр жағында еліміз бойынша сирек кездесетін құну фототұзаққа түсіп қалыпты. Фототұзақты құрған Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық паркінің қызметкері В. Воробьев. Мамандар божауынша, суретте құну екі сайды өрлей жортып келе жатқанға ұқсайды. Жаратылысынан жортып жүретін бұл жануар күніне 15-20 шақырымды еш қиналмастан артқа тастайды. Аюға ұқсас дене тұрқы – 1 метр болса, салмағы 16-18 келі шамасында. Бұл жыртқыш шағын денесіне қарамастан, бұғы, бұлан сынды ірі тұяқтыларды да алып жібереді. Қасқыр, сілеусінмен де бетпе-бет келе алады. Тіпті, орман қожасы аюдан да ыға қоймайтыны аңшы қауымға бұрыннан таныс. Қалың қардың бетінен еркін жүгіреді...

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы.