Қазақ мұнайы Беларуське жетпей жатыр
Қазақ мұнайы Беларуське жетпей жатыр
Беларусь президенті Алек­сандр Лукашенко 21 қаң­тар күні «Ресей Қазақ­стан­­нан мұнай тасымал­дау­ға келісім бермей отыр» деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости Belta агенттігіне сіл­­­теме жасап хабарлады. «Бұл таңғаларлық жағдай: Біз­дің одақтас тағы бір одақ­тас елден мұнайды жет­кізуге ке­лісім бермейді. Біз мұны анықтауымыз ке­рек» деп атап өткен мәлім­де­месінде Бе­ларусь басшы­сы. Иә, Лукашенко Минск мен Мәс­кеу арасындағы мұнай келі­сімі­не қатысты бұрын да бірнеше мә­лімдеме жасап, Ресей өнімінен бас тартып, басқа нарық іздейтінін айт­қан. Батьканың бұл жолғы «ба­зынасына» қарап, нақты қадамға ба­ратынын аңғарғандаймыз. Олай дейтін себебіміз, Беларусь рес­ми түрде импорттың баламалы көз­­­дерін атын атап, түсін түстей бас­­тады. Минскі тізіміндегі мем­ле­кеттердің ішінде Украина, П­о­ль­ша, Балтық жағалау елдері және Қа­зақ­стан мен Әзірбайжан бар. Естеріңізде болса, былтыр қа­зан айының 24-і күні Қазақстанға іс­сапармен келген Беларусь пре­зи­денті Александр Лукашенко қазақ мұ­найын сатып алуға мүдделі еке­нін ашық айтқан. Беларусь бас­шысының сапарынан көп өтпей біздің Үкімет жылына 3,5 млн тонна мұнай және мұнай өнім­дерін экспорттауға мүмкіндік ба­рын мәлімдеді. Дегенмен қа­зақ билігі Батькаға «алдымен «ағаң­мен» арадағы мәселені өзің шешіп алсаң, біз дайынбыз деген» емеурін танытқан секілді. Шынында да, Беларусь қазақ мұ­найын құбырмен тартса да, те­мір­жолмен тасымалдаса да, Ресей тер­риториясы арқылы өткізеді. Бас­қа жол жоқ. Ал ол үшін рұқсат керек. Десек те, Еуразиялық эко­но­микалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт­тың 28-бабына сәйкес, осы кеңістіктегі тауарлардың, қыз­меттердің, капиталдың еркін қоз­­­­ғалысы қамтамасыз етілуі тиіс. Тек тасымалдайтын құбыр Ре­сей жерінде болғандықтан, те­сі­­­ліп немесе бітеліп қалмаса бол­­­­ды. Яғни, ЕАЭО шарты бойын­­­­­­­­­ша кедергі болмауы ке­рек. Иә, айтып отырғанымыз 1960 жылдары салынған 1 380 ша­­­­­­­қырымдық «Дружба» құбыры. Әсі­лі, Кеңес Одағы кезінде ор­тақ күшпен салынған құбыр кейін­гі ЕАЭО шарты бойынша да мүше мемлекеттердің бірге пай­далануына ортақ екені анық. «Демек, Беларусь Қазақстан мұнайын импорттауы үшін одақ ішін­­­де кедергі болмауы керек қой». Батьканың Ресейге қарата ба­­­т­ырып айтып отырғаны да осы.   МИНСК МӘСКЕУ МҰНАЙЫНАН НЕГЕ БАС ТАРТТЫ? Бұған дейін Беларусь шикі мұ­най­ды Ресейден сатып алып келді. Минс­кіге қажет мұнай көлемі – 15-18 млн тонна. Оның 6 млн тон­насы елдің ішкі қажеттілігіне жұмсалса, қалғаны Беларусьті мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) өңделіп, сыртқа экспортталады. Беларусьтердің экспортының үштен бірі де осы мұнай өнім­де­рінен түскен табыстан құра­лып келді. Биылғы жоспар бойын­­­ша Минск Мәскеуден 24 млн тонна шикі мұнай сатып алу керек болатын. Алайда жыл ба­сы­нан бері одақтас екі ел ортақ ке­лісімге келе алмағандықтан, жет­кізілім тоқтап тұр. Беларусь билігі Ресейден мұнай жеткізілімі бойынша тоннасына 10 доллар деп белгіленген сыйақыны алып тастауды талап етуде. Мұның бар­лығы ресми Мәскеудің салық сая­сатын мың құбылтуынан туған. Жалпы, ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, оған мүше мемлекеттер арасындағы өзара саудада кедендік баждар (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алым­­дар), тарифтік емес реттеу ша­­ралары, арнайы қорғау, дем­пинг­ке қарсы және өтемақы ша­ра­лары қолданылмайды. Осы ере­жеге байланысты Ресей ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге мұнай экспорттаса, ешқандай баж ала алмайды, сондықтан ол басқа елдерге де шығарылатын мұнай экспортына кеден бажын азайтып, бірте-бірте нөлдік ставкаға әкелу сая­сатын ұстануда. Есесіне, пай­далы қазбалар өңдіруге салықты кө­­бейтіп, одақтың бірыңғай эко­но­микалық аумағына және одан тысқары аумаққа шығарған мұнай үшін алмаған бажын салықтың есебінен өндіріп алады. Яғни, жо­ға­рыдағы «салық маневрі» ар­қылы Мәскеу жыл сайын мұ­най­ға экспорттық баж салығын тө­мендеткенімен, есесіне тау-кен өндірісіне салынатын салықты арт­тырып отыр. Беларусь қаржы ми­нистрлігі мәлімдегендей, жо­ға­рыдағы «салық маневріне» бай­ланысты Ресей мұнайының тон­насы жыл сайын 16,4 долларға қым­баттай бермек. Одан Минск та­рапы зиян тартады. 2019 жыл­дың 9 айында ресейлік салық сая­са­­тының құбылуынан Беларусь тара­пы 240 млн доллар көлемінде қар­жы шығындаған. Сарапшылар биыл ол 500 млн долларға, ал 2024 жылы 10 млрд долларға жетуі мүм­кін екенін айтады. Оның үстіне, Ресейдегі «салықтық ма­невр» жобасы соңына жеткен кез­де мұ­най бағасы әлемдік баға­ның 100% деңгейінде болады (қазір 83% дейгейінде).  width= БЕЛАРУСЬ БАЛАМАЛЫ ИМПОРТҚА БАРА АЛА МА? Бірден айту керек, Беларусьте мұ­най импорты бойынша таң­дау көп. Себебі Минск мен Мәс­­кеу арасындағы келісім бұзыл­ған сәтте-ақ Балтық теңізі жаға­лауын­дағы мемлекеттер ұсыныс жасаған. 2020 жылы 5 қаңтарда Лит­ваның «Клайпеда» портының мар­кетинг бойынша өкілі Артурас Друн­гилас «Біздің Беларуське ши­кізат жеткізуде тәжірибеміз бар. Егер қаласа дайынбыз» деп мә­лімдеді. Оның сөзін теміржол ком­паниясының директоры Эги­диюс Лазаускас та қолдап, жы­лы­на теміржол арқылы 3 млн тон­наға дейін мұнай тасымалдауға бо­латынын айтты. Сондай-ақ Латвия үкіметі де «Вентспилс» портынан Беларусь­тің Витебск облысындағы Полоцск қа­ласына дейін мұнай құбыры ар­қылы немесе теміржол арқылы жет­кізуге қол ұшын береміз деп отыр. Бұл тұрғыда ресми Минск таң­дау жасап та үлгергендей. Беларусь Нор­вегиядан 80 мың тонна мұнай сатып алу туралы шарт жасасты. 22 қаңтарда Литваның ақпарат құ­рал­дары «80 000 тонна өнім тие­­ген норвегиялық Breiviken тан­ке­рі «Клайпеда» портына жет­ті» деп жазды. Енді шикізат те­мір­жол арқылы «Нафтан» МӨЗ-на (Новополоцк қаласы) та­­­сы­мал­дан­бақ. Әйтсе де, 80 мың тонна Минск үшін аз. «Нафтанның» қуаты тәу­лігіне 25 мың тонна өңдей ала­ты­нын ескерсек, бұл партияны ары кетсе 5 күнде өңдеп шығары бел­гілі. Беларусь үшін тағы бір жол Ук­раина арқылы «Одесса-Борды» мұ­най құбырымен жылына 4-5 млн тон­на шикізат тасуға мүмкіндік бар. Ұзындығы 667 шақырымдық құ­быр Қара теңіздің жағасындағы Одес­садан басталып, Львов облы­сын­дағы Броды қаласына жеткен соң «Дружба» құбырына қосылуға бо­лады. Айтқандай, Минск мұнай им­пор­тына диверсификация жасауға бұрын да талпынып көрген. 2010-2011 жылдары Беларусь Венесуэла мен Әзірбайжаннан шикізат са­тып алғанда осы құбыр арқылы жө­нелт­кен. Бірақ сол кезеңнен бері құбыр бос тұр. Мұнай саласының сарап­шы­лары бос тұрған құбырды толты­ру­дың өзіне 600 мың тоннадай ши­кізат қажет. Мұндай көлем үшін мұнай баррелі 64 доллар болып тұрған кезде жалпы сомасы 287 млн доллар қаржы керек. Яғни, атал­ған құбырға «кіру билетінің» өзі осынша қаражатты талап етуде. Әрине, теміржол арқылы яки теңіз арқылы тасымалданған ши­кі мұнай мемлекетке қымбатқа тү­сетіні анық. Мәселен, Норвегия­ның өнімі Беларусь зауытына жет­кенше әр тоннасына 20 доллардан қо­сымша төлеуге тура келеді. Осы уақытқа дейін Ресейдің шикізатын сатып алып, өз ішінде өңдеген соң Еуроодаққа экспорттап пайда тауып келген Лукашенконың биз­нес-моделі мұндай қысымға қан­шалықты шыдас береді? Қалай дегенмен ендігі жерде Бе­ларусь мемлекетінің алдында үлкен таңдау тұр. Не Мәскеудің де­геніне иіліп, Ресейдің «салық ма­невріне» шырмалу, не дәл қазір қалтаға салмақ салғанымен ертеңі жарқын еркін экономикалық бә­секеге өту. Батьканың «байба­ла­мы» мәселені шешпейді. Ол үшін Минскіге Киевтің мінезіндей «мінез» керек.   ТҮЙІН: Қысқасы, Минск мұнайсыз қалмайды. Егер Лукашенко Мәскеудің «батасын» ала алса, Қазақстан тарапы да жылына 3,5 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін экспорттай алады. Бұл тұрғыда Беларусь–Ресей арақатынасында басымыз ашық. «Ағайынды екеуі» келісе алса, ЕАЭО ішіндегі қабылданған заңдар бойынша жұмыс істелмек. Қосымша нарық Қазақстанға артық емес. Одан бөлек, Ресейдің «Транснефти» компаниясы да Қазақстан территориясы арқылы Қытайға мұнай жеткізіп отырғанын естен шығармауымыз керек. Демек, шикізат сатуда Қазақстан мен Ресейдің мүддесі тоқайласуы тиіс.    width=Бауыржан БАЗАР