Сан-Паулу ғалымдары Бразилияның коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды News.ru. Ғалымдардың мұндай шешімге келуіне президент Жаир Болсонарудың коронавирусқа қатысты мәлімдемесі себеп болған.
Хопкинс университетінің мәліметінше, Бразилияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 67 446-ға жеткен. Ал қайтыс болғандардың саны - 4 603.