Атыраудағы балықтардың қырылуына не себеп?
Атыраудағы балықтардың қырылуына не себеп?
313
оқылды
      Приморский арнасынан Жайық өзеніне  ірі қара балықтар  ағып келуде. Оның өзі шалажансар мен өлі балықтарға толы. Бір күнде 3 тонна 730 килограмм өлі балық жиналды.   width=Оларды «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының және Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекция қызметкерлері жинап, көмді.  width=Ал Жайыққа жеткен шаланжансар балықтар сәлден соң су астына жүзіп кеткен. 21 сәуірде болған жағдай, 24 күні де қайталанған екен.  width=Негізі балықтардың сырт келбеті зақымдалмаған. Бірақ олар өзінен-өзі шіріп, жағымсыз иіс шығара бастаған. Соған орай, Атырау облысы бойынша экологиялық департаменті және «Казгидромет» Атырау филиалының мамандары судың құрамына сынамалар алды.  width=Нәтижесінде, су құрамындағы ластаушы заттардың рұқсатты мөлшерден аспайтыны анықталды. Тіпті, әлгі балықтардан да сынама алынды.  width=Ал балық шауаршылығы мамандарының айтуынша, балықтардың өлімі табиғи құбылыс. Каспийден соққан қатты желдің күшінен балықтар сумен бірге көтерілген. Соның кесірінен қара балықтар қамыс арасында қалып, оттегі жетпегеннен өлген. [embed]https://youtu.be/9pK8P1oJYMY[/embed] Міне, сол көтерілген судың әсерінен балықтар өлі және шалажансар күйде Приморский арнасына  жеткен. Егер де балықтар уланған болса, Жайықтың барлық бөлігінде жайылатынын  айтты.

Тұрсын Жұмабекқызы,

Атырау облысы