Әулиекөл аудандық сотының төрағасы лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Әулиекөл аудандық сотының бұрынғы төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Бүгін Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен ол лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдаланып, әдiлетсiз сот шешімін шығарғаны үшін кінәлі деп танылды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқынан айыра отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.