Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты
© Сурет ғаламтордан
135
оқылды
Қостанай облысының тумасы Антонина Севостьянова өзінің туған ағасын қатаң режимдегі колониядан тапты, деп хабарлады Kstnews.kz сайты. Қылмыстық атқару жүйесі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Гүлім Қойшыбаеваның айтуынша, 1997 жылы бір үйдің үш баласын жан-жаққа таратып жіберген. Светлана мен Антонина деген екі қыз Федоров балалар үйіне түсті.
"Антонина бес айлық нәресте болған. Содан оны Қарабалықтағы сәбилер үйіне жіберді. Сол жерде оны бір отбасы асырап алды. Ал 13 жасында Германияға көшіп кетті. Антонина 18 жасқа келгенде асырап алған ата-анасы Қазақстанда ағасы бар екенін айтқан", - дейді Қойшыбаева.
Содан Антонина туған ағасын іздеуге кірісті. "Жди меня" бағдарламасына да қатысты. Бірақ одан нәтиже шықпады. Осыдан кейін Қостанай облыстық әкімдігіне хат жазып, ағасын тауып беруді сұраған. Сол жерде оған ағасының табылғанын және түрмеде отырғанын айтты. Артынан Антонина қатаң режимдегі колонияға хабарласып, ағасымен кездесу ұйымдастыруды сұрады. Оның арманы орындалды. Түрме қызметкерлері онлайн кездесуді Skype арқылы ұйымдастырып берді. [caption id="attachment_39696" align="alignnone" width="700"]Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты © Сурет ғаламтордан[/caption]