Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Имран Ханға алғыс айтты. Мемлекет басшысы өзінің алғысын Twitter парақшасы арқылы білдірді. «Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрі ұсынғаны үшін Пәкістан үкіметіне және премьер-министр Имран Ханға шынайы алғысымды білдіремін», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.