Заман ағымына сай ескірген ауруханалар бұзылып, жаңадан басқа ем қабылдау орындары салынады. 2025 жылға дейін 16 аурухана салу жоспарланған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2025 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда салынады деп жоспарланған халықаралық деңгейдегі 16 жаңа көпсалалы аурухананының сызбасын көрсетті. «Ескірген 40 нысанның орнына 16 көпсалалы аурухана (облыстық көпсалалы ауруханалар, қалалық көпсалалы ауруханалар және университеттік клиникалар) салынады. Республика бойынша аурухана инфрақұрылымын жаңарту жоспарланып отыр», – дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. Құрылыс жұмыстарының 2025 жылға дейін аяқталатыны айтылады. «Әр стационарда науқастарды емдеп, олардың диагнозын анықтау мақсатында заманауи корпус салынады. Ол бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін», – дейді ведомство мәліметінде.