Коронавирусқа шалдыққан бас дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
Коронавирусқа шалдыққан бас дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
Фото: Интернеттен алынды
Нью-Йоркте Манхэттеннің солтүстігіндегі аурухананың бас дәрігері Лорна Брин өз-өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды Medialeaks-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz.  Дереккөздің жазуынша, 49 жастағы дәрігер коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген екен. Жақында бас дәрігердің өзінен коронавирус анықталып, оны жұмыстан босатқан. Брин соңына дейін науқастармен жұмысты жалғастыру керегін айтқан. Әріптестерінің айтуынша, Брин ауруханадан тыс жерде де жансақтау бөлімінде көз алдында болған қиын сәттерді жиі еске алып отыратын. Оның көз алдында вирус жұқтырған бірнеше науқас қайтыс болған екен. Нәтижесінде, Брин науқастармен жұмыс кезіндегі эмоциялық күйді жеңе алмаған.   [caption id="attachment_39777" align="alignnone" width="740"]Лорна Брин Лорна Брин © The New York Times[/caption] «Ол өзінің жұмысын істеуге тырысты және ол оның өліміне себеп болды. Бринді батыр ретінде еске алайық. Оның өлімі – науқастардың өлімімен тең пандемияның салдары», –дейді дәрігердің туыстары.