Қазақстанда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кетті. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, елімізде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген. Карантинде балалар үйде отыр. Осындай кезде, әсіресе, ата-анасы қауіпсіздік шараларын ұмытпауы тиіс. 1-28 сәуір аралығында республикада көпқабатты үйлердің терезесінен 7 бала құлаған. 2-8 жас аралығындағы 5 бала ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғалар Қарағанды (3), Павлодар (1), Жамбыл облыстары (1) мен Нұр-Сұлтан қаласында (2) болған. Ал жыл басынан бері көпқабатты үйдің терезесінен 13 бала құлады. Бұл оқиғалар Қарағанды облысы (3), Нұр-Сұлтан қаласы (3), Павлодар облысы (3), Алматы қаласы (2), Батыс Қазақстан облысы (1), Ақтөбе облысы (1) және Жамбыл облысында (1) орын алған.