Кредит төлеуді кейінге шегергендер қарызын қалай қайтаратыны айтылды
Кредит төлеуді кейінге шегергендер қарызын қалай қайтаратыны айтылды
Фото: Интернеттен алынды
138
оқылды
Төтенше жағдай кезінде 1,6 млн-нан астам азамат несиесінің мерзімі кейінге шегерді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, «Халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалу мониторингін жалғастыруда. 2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға банктік қарыз төлемдері бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімді кейінге шегеруге өтінім беру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінді». Осы орайда 1 661 232 жеке тұлғаның 237,4 млрд теңгесі немесе қарыз алушылардың 31,3 пайызы бойынша төлемді тоқтата тұру мақұлданды. Оның ішінде 299 363-і халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдері. «Сонымен бірге, 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санынан 44,1 пайызы несие мерзімін кейінге шегерді. Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешім қабылданады» делінген хабарламада. Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға, сондай-ақ 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге қарызы бар.