Ұлы даланың көне сарындары
Ұлы даланың көне сарындары
400
оқылды

Nur Otan партиясының 20 жылдығына орай барлық өңірде өтіп жатқан «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі Маңғыстауға жетті.

Абай атындағы мәдени де­малыс кешенінің сахнасында өткен кеште танымал өнер саң­лақ­тары өнер көрсетіп, мән-ма­ғы­насы терең, өскелең ұрпаққа рухани-тәрбиелік маңызы ж­о­­ғары, ұмыт бола бастаған ән мен жырды көрерменге тарту етті.

Фестивалға республикалық қоғамдық штабтың мүшелері қатысты. Олардың қатарында Nur Otan партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, қоғам қайраткері Зейнолла Алшымбаев және аймақтық қоғамдық штаб­тың мүшелері болды. Дәстүрлі музыка фестивалі Елбасының «Ұлы даланың же­ті қыры» атты мақаласында ұлттық өнерді ке­ңінен насихат­тау тапсырмасының жүзеге асырылуы және Nur Otan партия­сының 20 жылдығы шең­берінде ұйымдастырылып отыр. Шараның басты мақсаты – жастарды өнерге баулу, ұмыт бола бастаған қазақтың ән-күйі мен жыр-термесін кеңінен дәріптеу.

«Зиялы қауыммен жұмыс» партиялық жобасының аясында ұйымдастырылған дәстүрлі музыка фестивалінде Nur Otan партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына ерекше тоқ­талды.

– Партия «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген идеялар мен құндылықтарды дә­ріптеуге арналған игі шараларды бастады. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігімен бір­лесіп, «Ұлы даланың көне сарын­дары» фестивалін әр аймақта өт­кізуде. Бұл шара Алаштың ру­хани астанасы Семей өңірінен бастау алған еді. Бүгін міне фес­тиваль киелі, маңғаз Маңғыстау өңіріне жетті. Ең соңғы түйіні шіл­де айында Жетісу жерінде тү­йінделеді, – деді ол.

Айта кетейік, «Ұлы даланың көне сарыны» фестивалі респуб­ликаның барлық аймағын ара­лайды. Оған еліміздегі танымал өнер майталмандары қатысып жатыр. Атап айтқанда, жыр-терме жанры бойынша Алмас Алматов, Жәкен Омаров, дәс­түрлі ән өнері бойынша Ерлан Рыс­қали, Шолпан Дәржанова, Гүл­мира Сарина, күйші Ба­тыржан Мықтыбаев өнер көр­сетті. Маң­ғыстауда өткен кон­церттік бағ­дар­ламада әнші Ақ­марал Ерім­бетова мен жыршы, термеші Оспан Құлсымақ ән мен жырдан шашу шашып, кө­рермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Әбілмансұр ЖАСАН