Головкин мен Альварес трилогиясы күзде өтуі мүмкін
Головкин мен Альварес трилогиясы күзде өтуі мүмкін
144
оқылды
Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес боксшының алдағы жекпе-жегіне болжам жасады. Ол AB Boxing News-ке берген сұх­батында Головкин алда Альва­респен кездесер болса, жеңіс қазақстандық боксшының жа­ғында болатынын айтты. Абель Санчес Головкин мен Альварес арасында өткен қос кез­десуде бапкер қызметін атқарды. Егер олар үшінші рет жекпе-жек өткізетін болса, Санчес көрермен қатарынан табылмақ. Головкин мен Альварестің алғашқы кездесуі тең нәтижемен аяқталса, екінші рет күш сынасқанда, төрешілер жеңісті Альвареске берген-ді. Ол трилогия өтсе, сөзсіз Головкиннің жеңетініне сенімді. Әрі бұл үшін боксшыны қолдайтын тарап Саульге бас тарта алмайтындай ұсыныс жасауы керек. Оның сөзінше, бокс кеші Вегаста емес, басқа жерде өткені дұрыс. Жанкүйерлер қос тараптың үшінші рет шаршы алаңда кез­дес­кенін күтіп жүр. DAZN стриминг сервисінің сарапшылары Крис Мэнникс пен Серхио Мора да три­­логия мәселесін қозғады. Биыл мамыр айында Альварес Сон­­дерс­пен кездесу өткізеді деп жоспар­ланған еді. Алайда пандемия спорт­тың аяғын тұсап тұр. Үшінші кездесу турасында Серхио Мора «Канело» мен GGG тартысын келесі жылдың мамыр айына дейін күткісі келмейтінін айтты. Ол мүмкіндік болса, жекпе-жектің биыл күзде өткенін қалайды.  

Айбике ЖАНАСЫЛ