Қазақстандық жұлдыздар мамырдағы мереке күндері live концерттер өткізеді
Қазақстандық жұлдыздар мамырдағы мереке күндері live концерттер өткізеді
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік live концерттер ұйымдастырылады, деп хабарлады қалалық әкімдік. «Пандемияға байланысты бүкіл әлем карантин режимін сақтауда, оның ішінде Алматы қаласы да бар. Оңтүстік астананың тұрғындары өздерін оқшаулап үйде отыр. Алайда бұл мәдени шараларға кедергі емес»,– делінген хабарламада. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1 мамыр күні сағат 20.30-да Youtube-тегі Almaty Creative арнасының тікелей эфирінде, сондай-ақ Алматы телеарнасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Парвиз Назаров және Әли Оқаповтың қатысуымен live концерт өтеді. Сондай-ақ, Марат Омаров, Ренат Гайсин мен Диная, «Меломен» тобы қатысатын live концерттер Youtube-тегі Almaty Creative арнасында қолжетімді. Жеңістің 75 жылдығына орай 9 мамыр күні сағат 19.00-де Youtube-тегі Almaty Creative арнасының тікелей эфирінде, сондай-ақ Алматы телеарнасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұрлан Абдуллин, Толқын Забирова, Мәдина Сәдуақасованың қатысуымен live концерт өтеді.