«Астана Опера» театрының танымал солистері ‘O sole mio әнін шетелдік әріптестерімен бірге орындады. Әрине, осынау әнді орындаудың онлайн режимде өткенін де айта кету керек. Іс-шараға Италия, Мексика, Жапония, Қытай, Румыния мен Грузияның опера әншілері қатысты. Музыкамен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеді. COVID-19 пандемиясы жаһанды жайлап кеткен қазіргі сәтте онлайн концерт беру таңсық дүние емес. Дегенмен қандай да бір әнді түрлі елдің әншілері бірлесіп орындауы әсерлі болары сөзсіз. Шараға әлемге танылған жұлдыздардың қатысуы оның мәртебесін асқақтата түсті. ‘O sole mio әнін айтуға мексикалық тенор, Еуропаның, АҚШ пен Оңтүстік Американың ірі театрларында еңбек ететін Георги Ониани, жапониялық тенор Наоюки Окада, румыниялық сопрано Адела Захария, танымал қытай әншісі Жоу Фей тәрізді жұлдыздар атсалысты. Қазақстан тарапынан әншілер Медет Шотабаев, Салтанат Ахметова, Жәмила Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзақ сияқты өнерпаздар қатысты.
Ардақ СҰЛТАН