Жеңіс шеруі онлайн өтеді
Жеңіс шеруі онлайн өтеді
Елімізде 1945.kz сайты іске қосылды. Жоба пандемия салдарынан биыл  өтпейтін болған жеңіс шеруін  онлайн түрде ұйымдастыруды көздейді.  Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толады. Осы орайда, 1945.kz сайты соғысқа қатысқан майдангерлер мен тыл­да еңбек еткендердің өмір жо­лын, ес­теліктерін жарияламақ. ardager@1945.kz электронды мекен­жайына ардагер туралы мәліметті жіберуге болады. Бұдан бөлек, әлеуметтік же­лі­де #AtamnynAmanaty75 чел­ленджі жүріп жатыр. Челлендж қатысу­шылары ардагерлердің өмір жолы туралы баяндап, арнау оқиды. 27 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнінде соғыс арда­гер­л­ерінің елеусіз қалмайтынын айт­қан еді. Әр өңірде сыйақы мөл­шері тағайындалып, соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек беруге пәрмен берді.  

А.ЖОЛДАС