Жастармен жүздесті
Жастармен жүздесті
Қазақстан президентіне үміткер Ж.Ахметбековтің өкілдері Ж.Нұрәлиев пен «Халық коммунистері» фракциясының депутаты И.Смирнова Тараздағы облыстық қазақ драма театрында қаланың белсенді жастарымен және «Тараз қалалық Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті. Жамбыл облыстық сайлауалды штабы жастар зияткерлік әлеует, жаңа және заманауи білімнің тасымалдаушылары және соны кәсіпорындар мен өзге де салаларға апаратын дәнекер екенін ерекше атап өтті. Жастардың басқа қоғам мүшелеріне қарағанда өзгерістерге дайындығы мен ұмтылысы едәуір жоғары. Жамбыл Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасын таныстыру барысында Ж.Нұрәлиев заманауи жастардың ұста­нымдары мен моральдық тәрбиесі тақыры­бын тілге тиек етті. Ол халық коммунистері интернационализмнің, еуразияшылдық идеяның және XXI ғасырдағы ұлттың ерекше жолының жақтаушылары, ал батыстың ақшаға табынушылық, кез келген жолмен табыс табу және адамгершілікке жат дәстүрі біздің Отанымыз үшін қауіпті екенін атап өтті. Кездесу соңында Ж.Нұрәлиев Қа­зақстанның көптеген сайлаушылары партияның экономикадағы, әлеуметтік-саяси өмірдегі ұстанымдарын қолдайтынына сенімді екенін айтып, азаматтарды белсенді түрде сайлауға қатысуға шақырды. ҚКХП Нұр-Сұлтан қаласының орталық паркінде «Болашақ бізден басталады» атты шара шеңберінде жүгіру марафоны ұйым­дастырылды. Марафонға Ж.Ахметбековтің республикалық сай­лауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров бастаған партия активі, ҚКХП Қазақстан Коммунистік Жастар одағының белсенділері, еріктілер мен спортсүйер қауым және ҚКХП атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысып жатқан үміткердің үгіт-насихат тобын қолдайтын қала тұрғындары қатысты.  

Айдана Бегім