Сенімді өкілдермен кездесті

Сенімді өкілдермен кездесті

Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Нұр-Сұлтандағы республикалық штаб кеңсесінде сенімді өкілдерін қабылдады. Кандидаттың республикалық штабына келуші көп болды. Сондай-ақ қатысушылар платформаның негізгі бағыттарын атап өтіп, құжатты толықтыруға қатысты идеяларымен бөлісті.

Кандидат түрлі өзекті қоғамдық мәселе­лерге қатысты ұстанымын жеткізді. Респуб­ликалық сайлауалды штабта сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалай­тын бақылаушылар үшін семинар өткізілді. Іс-шараның модераторы және тренері Асхат Рахымжанов бақылаушылардың құқы мен міндеттері, сайлау кезінде болуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді. Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптарын көтеріп, барлық өзекті сұраққа жауап алды.

Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы мүшелері елімізде науқандық іс-шараларын жалғастырып жатыр. Мәселен, кандидаттың сайлауалды штабының сенімді өкілдері белсенді жастармен бірге Алматы қала­сындағы Абай мен Алтынсарин даңғылдары қиылысында үгіт-насихат жұмыстарын өткізді. Акция шеңберінде сайлаушылармен сұхбат жүргізілді, науқандық парақшалар таратылып, кандидат позициясының бағыт­тары түсіндірілді.

Сатып алушылар арасында үгіт-насихат тобы үміткерді қолдауға арналған ма­териал­дар таратып, кандидаттың сайлауалды платформасынан алынған түйткілдермен таныстырды.


Айдана БЕГІМ