Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Мүгедек балалары бар аналарды қолдап, кәсіпкерлікке баулитын орталық

А.Ахметқазы
Мамыр 28, 2019
Экономика
4
қаралым

«Мама Про» әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қоры Алматы қаласында «Мама Про Алматы» филиалының салтанатты ашылу рәсімін өткізеді. Енді оңтүстік астанананың мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар да бүлдіршіндерін орталыққа апарып, тәрбиешілер мен психологтардың қарауына тапсырып, кәсіпкерлік негізін меңгеріп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.

2018 жылдан бері «Мама Про» орталығында Сорос Қазақстан қоры және АҚШ елшілігінің қолдауымен мүгедек балалары бар 120-дан астам аналар білім алды. Аталмыш жобаның ерекшелігі – қатысушы аналар сырттан көмек күтпей, өз бизнес бастамасын жүзеге асырып, кәсібін ашып, сондай ақ басқа да қиын жағдайдағы аналарға қолдау көрсетеді.   

«Мама Про» орталығының директоры Гүлсім Семенова: «Курсты тәмамдаған аналар отбасылық кірістің орта есеппен 9%-ға өскендігі, сонымен қатар өз өзіне деген сенімділіктің артқаны, эмоционалды жағдайының жақсарғаны жалпы отбасылық ахуалға оңтайлы әсер еткенін айтады. Мысалы, біздің үздік түлектеріміздің арасында оңалту орталығы мен кейтерингтік компанияның негізін қалаушылар, кондитер, аспаз, тігінші, фотограф, визаж мамандары, скрапбукер сынды басқа да көптеген кәсіпті меңгерген аналар бар», – деп атап көрсетті. – «Біз дамуында ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен өз тәжірибемізбен бөлісіп, олардың жаңа белестерді бағындыруларына, көкейіндегі жоспарларын жүзеге асыруыларына ынталандыратын мүмкіндік беріп отырғанымызға, сонымен қатар, басқа қалаларда да «ерекше балалардың оңалуы – алдымен анасының оңалуынан басталады» деген ұстанымды әр күн сайын дәлелдейтін осындай орталықтардың пайда болуына жол салып отырғанымызға қуаныштымыз». 

Ешқандай мазмұн жоқ

Аталмыш шарада «Мама Про» қорының негізін салушылар мен серіктестері, донорлық ұйымдар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, сондай-ақ «Мама Про» орталығында білім алған мүгедек балалары бар ата-аналар қатысады.

– Бүгін – серіктестеріміздің бірі үшін маңызды күн. Біз 2018 жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатырған «Мама Про» қоғамдық қоры өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басып жатыр. Қордың қызметі халықтың әлеуметтік әлсіз тобының инклюзивті экономикалық дамуы мен экономикалық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін «Ашық экономика» бастамасының арқасында мүмкін болды. Қордың негізін салушылар екі жылға жетпейтін уақыт аралығында қор құру идеясынан бастап Алматыда филиалының ашылуына дейін үлкен жолмен жүріп өтті. Болашақта қор өз қызметін Қазақстанның басқа қалаларында кеңейтпекші. Біз қор ұжымының жұмысына табыс тілейміз, –  деді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова.

Ашылу салтанаты аясында қор қызметі, қазіргі және жоспардағы
жобалардың  презентациясы, «Мама Про» ортылығының оқу бағдарламасы
таныстырылады. Сонымен қатар Алматы филиалында оқу бағдарламасын тәмамдамаған
түлектер өз бизнес жобаларын ұсынады.

 
Тегтер: Аида АйдарқұловаГүлсім СеменоваМама ПроМама Про АлматыСорос Қазақстан қоры
Алдыңғы жаңалық

Шымкенттік студенттердің адалдығы сынға алынады

Келесі жаңалық

«Мың сұрақ» қайта жарыққа шықты

Ұқсас жаңалықтар

алтын, алтын құйма, Ұлттық банк
Жаңалықтар

Қазақстан азаматтары бір жылда қанша алтын құйма сатып алды?

Қаңтар 20, 2021
Әсет Ерғалиев, Ұлттық экономика министрі
Жаңалықтар

Сіз кімсіз, Әсет Ерғалиев мырза?

Қаңтар 19, 2021
Ахметжан Есімов, "Самұрық-Қазына" қоры, Президент
Жаңалықтар

Президентке «Самұрық-Қазынаның» басшысы Ахметжан Есімов есеп берді   

Қаңтар 19, 2021
құс тұмауы, Ауыл шаруашылығы, құстар,
Жаңалықтар

Құс тұмауынан қырылған үй құстары үшін қанша өтемақы төленді?

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми кірісті

Қаңтар 21, 00:10

Алматы облысында республикалық трасса жабылды

Қаңтар 20, 23:33

Нұр-Сұлтанда супермаркеттердің біріне 10 мың дана экодорба таратылады

Қаңтар 20, 22:56

Мадридте жойқын жарылыс болды

Қаңтар 20, 22:26

Полицейді көлігімен сүйреген ер адам 5 жылға сотталды

Қаңтар 20, 22:05

Сергей Морозов UFC-де Нурмагомедовтен ұтылып қалды – видео

Қаңтар 20, 21:23

Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Қаңтар 20, 21:01
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

АҚШ

Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми кірісті

Қаңтар 21, 2021
Алматы

Алматы облысында республикалық трасса жабылды

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»